20
маусым
2022
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған электронды өнімдер
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді (IP:77.245.105.165) әзірледі: - қазақ тілін үйренуге бағытталған "tilqural.kz", "Abai.institute","tilmedia.kz","balatili.kz" порталдары; -сөздік қорды байытуға бағытталған "emle.kz", "termincom.kz","sozdikqor.kz","qazcorpora.kz" порталдары; -барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру ңұсқаулығы берілген "qujat.kz" порталы; -жер-су атаулары жинақталған ономастикалық "atau.kz" базасы; -еліміздегі латын графикасын көшу үдерісін сүйемелдейтін "qazlatyn.kz" (портал және конвертер) ұлттық порталы; -тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастырылған "tilalemi.kz" сайты.